«Үздік педагог» байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды

«Үздік педагог» байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды
Сурет: ашық дереккөз

Байқауға кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер қатыса алады.

Оқу-ағарту министрлігі «Үздік педагог» байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Байқауға қатысуы үшін «Үздік педагог» сайтында тіркелу қажет. Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады. Биыл цифрландыру бағытында үлкен жұмыс атқарылды. Байқаудың барлық кезеңі, нақтырақ айтқанда, қатысушыларды тіркеуден бастап республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған, -деп жазды informburo.kz. Жеңімпаздарға 3 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі. 
Еске салайық, биылдан бастап байқауға жекеменшік мектеп педагогтері де қатыса алады.
Байқау үш кезеңнен тұрады:

I кезең – аудандық, қалалық деңгей;
II кезең – облыстық деңгей;
III кезең – республикалық деңгей.

Екі байқаудың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған мұғалімдер республикалық деңгейге өтеді. Республикалық «Үздік педагог» байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. 
Байқаудың өзге шарттарымен осы жерден таныса аласыздар.