Ұялы байланыс операторларына 3,2 млрд теңге айыппұл салынды

Ұялы байланыс операторларына 3,2 млрд теңге айыппұл салынды
Сурет: ашық дереккөз

Ұялы байланыс операторларына сапасыз байланыс қызметтерін ұсынғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2023 жылы 782 тексеру жүргізілгенін және 3 млрд 288 млн теңге сомасында айыппұл салынғанын хабарлады.

Кім және қанша төледі

Заңнамада көзделген жеңілдіктерді ескере отырып мобильді операторлар 1 млрд 644 млн теңге төлеген:

Tele2 – 751,4 млн теңге;

Kcell – 563,2 млн теңге;

Beeline – 329,4 млн теңге.