Халықаралық турнирде қазақстандық таэквандошылар үш жүлдені олжалады

Халықаралық турнирде қазақстандық таэквандошылар үш жүлдені олжалады
Сурет: Olympic.kz

Эстонияда өткен «Tallinn Open» халықаралық турнирінде жерлестеріміз 3 медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

G-1 дәрежесіндегі жарыс 28-29 тамыз аралығында Таллин қаласында өтті. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген 250-ден астам спортшы қатысты.

Нұрлан Мырзабаев 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медалін жеңіп алды.

Смайыл Дүйсебай 87 келіге дейінгі салмақта жарыстың қола жүлдегері атанды.

Ерасыл Арапбай 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3 орынға ие болды.