Юрий Ильин куәгер ретінде тергеліп жатыр

Юрий Ильин куәгер ретінде тергеліп жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Аталмыш тергеуде экс-министр Юрий Ильиннің мәртебесі айқындалмаған.

Бас прокурор Берік Асылов бұрынғы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің Абай облысындағы орман өртіне қатысты тергеуге тартылғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

«Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеу ісінде Юрий Ильин мырзаның мәртебесі қандай?», -деп сұрады журналистер Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында.

Azattyq Ruhy-ның мәліметі бойынша бұл туралы Берік Асылов айтқан. Оның айуынша, аталмыш тергеуде экс-министр Юрий Ильиннің мәртебесі айқындалмаған.

«Жай ғана куәгер ретінде тергеді, болды. Яғни, оның ешқандай мәртебесі жоқ – куәгер ретінде ғана тергелді. Қазір тергеу жүріп жатыр», - деді Бас прокурор.