Ұландық Амманда күрестен күміс иеленді

Ұландық Амманда күрестен күміс иеленді
Almaty-akshamy.kz

 17 тамызда еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының финалдық сайысы өтті, онда Кеңес Одағының Батыры полковник Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Иордания астанасында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды. Біздің балуан төрт жекпе-жекте жеңіске жетті, бірақ, өкінішке орай, Ираннан келген спортшыға 45 есебімен финалдық жекпе-жекте жеңіліп, біріншіліктің күміс медалін жеңіп алып, қазақстандық команданың қоржынына бірінші медаль әкелді.

 - Бұл менің әлем чемпионатына екінші рет қатысуым. Осы жарыстарға дейін менің жетістіктерім тек Азия чемпионатында болды. Мен фавориттердің бірі ретінде келдім, сондықтан менің қарсыластарымның барлығы мықты болды. Ең қиыны соңғы жекпе-жек болды. Қарсылас өте күшті болды, финалға дейін тең есепте келдік. Бірақ мен тұғырдың екінші сатысын ғана алдым. Ұлттық ұлан қолбасшылығына және ҚР ІІМ "Динамо" дене шынықтыру спорт қоғамының басшылығына еліміздің атынан шетелдік аренада өкілдік етуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді, - деп атап өтті қатардағы Ризабек Айтмұхан. 

 Қазіргі уақытта Ризабек Алматы қаласында Отан алдындағы борышын өткеруде.