Үкімет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

Үкімет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады
Сурет: gov.kz

Бұл – исі мұсылманның ұлық мерекесі.

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz үкіметтің ресми ресурсына сілтеме жасап.

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді исі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Ораза айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Ораза айт – бауырмалдық пен өзара жанашырлықтың, игілікті істер мен қайырымдылықтың мерекесі. Халқымызға тән дәстүрлі адамгершілік қасиеттер, әсіресе ауқымды табиғи апат орын алған қазіргідей күрделі кезеңде айқын көрініс тауып отыр. Бірлігі бекем елдің берекесі мол. Осынау бірегей құндылықтар мемлекетіміздің одан әрі орнықты дамуының негізі бола бермек.

Рамазан айында ауыз бекіткен қауымның ізгі ниеттері қабыл болып, халқымыздың ынтымағы арта берсін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!