Димаш тасқыннан зардап шеккендерге ақша аударды

Димаш тасқыннан зардап шеккендерге ақша аударды
Сурет: интернеттен

Әнші Димаш Құдайберген Ақтөбедегі еріктілер штабына барды.

Димаш «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Димаш еріктілерге өзінің қолдауы мен ризашылығын білдіріп, оның артында тұрған жерлестеріне ертерек қолдау көрсете алмағанын айтты.

Ақтөбе облысына еліміздің түрлі өңірлерінен гуманитарлық көмек жеткізілді. Зардап шеккендерге 170 тонна азық-түлік және 50 тонна қажетті заттар таратылды.