Қазақстандықтар 10 164 сайлау учаскесінде дауыс береді

Қазақстандықтар 10 164 сайлау учаскесінде дауыс береді Сурет: ашық дереккөз

10 164 сайлау учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 8.00-дегі жағдай бойынша барлық өңірде 10 146 учаске дауыс беруге кірісті. Сондай-ақ 17 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаскеде дауыс беру басталды. Осылайша, қазіргі уақытта дауыс беру 10 164 сайлау учаскесінде өтуде», - деді Мұхтар Ерман.



Айта кетерлігі, сағат 10.00-ден бастап әр екі сағат сайын Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың дауыс беруіне қатысты деректерді жариялап отырады.


Бұған дейін астана уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 8 272 учаске ашылғанын жазған едік. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12 шет мемлекеттегі 13 учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр. Ал 92 учаскеде аумақтық комиссиялардың Конституциялық заң аясында қабылданған шешімдеріне сәйкес, дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24