Бокстан екі дүркін әлем чемпионы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдады

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдады
Сурет видеодан алынды

Боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдап, бейнеүндеу жазып, тазалық сақтау – қаланың әрбір тұрғынының міндеті екенін атады.
https://www.instagram.com/reel/C5ir1nUI5gf/?igsh=aGhkYnpiajc1eWYz

«Тазалық – денсаулық кепілі. Қалада тазалықты сақтау – әрбір тұрғынның міндеті. Алматы – біздің ортақ үйіміз», - деді Назым Қызайбай. 

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.