Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгін - өте маңызды тарихи күн

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгін - өте маңызды тарихи күн Сурет: Gov.kz

Еліміз өз жарқын болашағы үшін белсенді түрде дауыс беріп жатыр.


Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс беріп, бұл күнді өте маңызды тарихи күн деп атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Ең алдымен, баршаңызды құттықтаймын. Бүгін - өте маңызды тарихи күн. Еліміз өз жарқын болашағы үшін белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Бәрі дұрыс болады деп ойлаймын.Шын мәнінде, бұл жыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтарды еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер, мақсаттар бар», - деді Президент дауыс беру рәсімінен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.



Аталған сайлау учаскесінің төрайымы Қымбат Мұқанованың айтуынша, аталған учаскеде 2627 адам тіркелген. Қазіргі уақытта оның 209 сайлаушы дауыс беріп үлгерген.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевті 12 қазанда үміткер ретінде тіркеді.


Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб өкілдері еліміздің барлық өңірлерін аралап шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:57

10:49

10:44

10:39

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49