Алматыдан 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек Атырау облысына жөнелтілді

Алматыдан 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек Атырау облысына жөнелтілді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматылықтар су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарына 30 тоннадан астап гуманитарлық көмек жинады. Оның ішінде 12 тонна азық-түлік, 10 тоннаға жуық киім, 7,2 тонна гигиеналық заттар, 2 тоннадан астам тұрмыстақ заттар, 200 килограммнан астам дәрі-дәрмек және т.б. заттар бар, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алмалы ауданы комьюнити орталығында ашылған кабылдау пункті 29 наурыздан бастап жұмыс істеді.  Жәрдем қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты. 

Гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 30-дан астам ірі волонтерлік ұйымынан 150-ден астам еріктілер жұмылдырылды. 

«Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар қазіргі ахуалды және қандай зат¬тар қажет екенін хабарлап, бізге барлық ақпаратты жолдап оты¬рады. Алдыңғы аптада біз Орал қаласына 10 тонна гу¬манитарлық көмекті табыстап қайттық. Ал қазір Атырау облы¬сына гуманитарлық көмек жинап, жіберіп жатырмыз. Атырау облысына жиналған заттардың бір бөлігін  Air Astana және Fly Arystan компа¬ниялары, екінші бөлігін қаламыз-дың кәсіпкерлері жүк көлігімен тегін жеткізіп беруге ниет білдірді.  Гуманитарлық көмекті жинауға атсалысқан барша алматылықтарға ерекше алғыс білдіремін»,  - деді Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисының жетекшісі Бағдат Анарбаева.

Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмысын жалғастыра береді. Жұмыс уақыты демалыссыз 10:00-ден 19:00-ге дейін.
 
Айта кету керек, алматылық ерік¬тілер осыған дейін Қазақ¬стан¬да және әлемде болған табиғи апат¬тар кезінде де үнсіз қалмай, қолдан келген көмегін аянып қалған емес. Былтыр Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге 50 тонна, ал Абай облысындағы қызыл жалынның салдарынан қиындық көрген тұр¬ғындарға 5 тоннадан астам гума¬ни¬тарлық көмек жинады. Одан өзге еріктілер фронт-офисі демеу¬шілер тарта отырып, бір жылдың ішінде 10 мың аз қам¬тылған отбасыға, 350 жетім балаға, 800-ден астам қартқа көмек көрсеткен.