ҰБТ өтетін ғимаратқа алып кіруге болмайтын заттар тізімі толықтырылады

ҰБТ өтетін ғимаратқа алып кіруге болмайтын заттар тізімі толықтырылады
Сурет: Turkystan.kz

Құжат жобасы 18 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Оқу-ағарту министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына бірқатар өзгертулер енгізуді жоспарлап отыр. Олардың жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Жобаға сәйкес, ҰБТ өтетін ғимаратқа алып кіруге болмайтын заттар тізімі кеңейеді. Атап айтқанда, бұл қатарды смарт көзілдірік, фитнес білезік (трекер), диктофон және А4 форматындағы қағаздар толықтырады. 

Айта кетейік, бұған дейінгі тізімде пейджер, ұялы телефон, планшет, iPad, iPod, смартфон, ноутбук, плейер, модем (мобильді роутер), радио-электрондық байланыстың барлық түрі (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G), смарт сағат, калькулятор, құлаққап, шпаргалка, оқу-әдістемелік әдебиеттер болған. 

Тестілеуге кіргізу барысында жоғарыда аталған заттар табылса, үміткер тестілеуге жіберілмейді. 

Құжат жобасы 18 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.