Яндекс Алматы тұрғындарын қала күнімен құттықтады

Яндекс Алматы тұрғындарын қала күнімен құттықтады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанда Яндекс іздеудің басты бетін yandex.kz-те Алматы қаласы күніне орай тақырыптық сурет пайда болды.

Оны басу арқылы пайдаланушылар мерекелік іс-шаралар күнтізбесін көре алады. Арнайы жоба Алматы әкімдігімен серіктестікте құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

 Суретте қаламен тығыз байланысты символдар бейнеленген: шаһар айналасында өсетін Тянь-Шань шыршалары және жайма шуақ оңтүстіктің күн. Сондай-ақ, онда Іле-Алатауы тау жотасы мен қаланың көрнекті орындары — Медеу биік таулы мұз айдыны мен 1,5 мың метр биіктікте салынған Көктөбе телемұнарасын көрінеді.

 Жақында Қазақстанда іздеудің білім беру сценарийлері қол жетімді болды: ақылды камера және қазақ тілінде жылдам жауаптар. 5 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні қазақ тіліндегі нейрожелілік аударманың жақын арада іске қосылатыны хабарланды . Ал, кейінірек компанияда «Алисаны» қазақ тілінде 2023 жылдың соңына дейін іске қосу ниеті туралы айтылды.