Қазақстанда автокөліктердің саны 5 млн-нан асты

Қазақстанда автокөліктердің саны 5 млн-нан асты
Сурет: Gov.kz

Биыл шілдеде 169,3 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды. 

 Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,8 есе артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оның ішінде жеңіл автомобильдер 1,8 есеге, автобустар – 2,2 есеге және жүк автомобильдері 1,8 есе артты. 

Мәселен, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 015,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,9% жеңіл автомобильдер, 10% жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар. Өткен жылғы 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.