Тоқаев Аралды құтқару қорының президенті болып сайланды

Тоқаев Аралды құтқару қорының президенті болып сайланды
Сурет: Akorda.kz

Бұл шешім Халықаралық Аралды құтқару қорының саммитінде қабылданды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша келесі құжаттарға қол қойылды:

1.Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбедегі мәлімдемесі;

2.Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі: Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етуінің қорытындысы туралы;

3.Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі: Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымы мен келісімдік-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы;

4.Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі: Халықаралық Аралды құтқару қорының президентін сайлау туралы.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты.