Жемқорлардың тізімі жарияланбақ

Жемқорлардың тізімі жарияланбақ
Сурет: ашық дереккөз

Бұл жұмыс берушілерге үміткерді жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлардың тізімін жариялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тізімде жемқорлық үшін сотталған адамның барлық дерегі көрсетіледі.

Бұл жұмыс берушілерге үміткерді жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді.

Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды.

"Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Сондай-ақ парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралуда", - деп жазылған хабарламада.

Заңдарға енгізілген бұл өзгерістер ГРЕКО, ЭЫДҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша дайындалған.