Құрылыс алаңында кранның неден құлағаны белгілі болды

Құрылыс алаңында кранның неден құлағаны белгілі болды
Сурет: Gazeta.ru

Бұдан бұрын құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшының мерт болғанын хабарлағанбыз.

Құрылыстың тоқтап қалуына байланысты 2021 жылғы қарашадан бастап кран пайдаланылмаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алдын ала деректерге сәйкес, мұнара кранын бөлшектеу процесінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан жебе секциясы (дұрыс бекітілмеген) аударылып кеткен. Жазатайым оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Оның біреуі оқиға орнында қайтыс болды. Екіншісі басынан жарақат алған және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті таратқан хабарламада.