Украинада 200-ге жуық Қазақстан азаматы бар

Украинада 200-ге жуық Қазақстан азаматы бар
Сурет: Dw.com

Украинада 200-ге жуық Қазақстан азаматы бар.

Дегенмен, нақты санын Сыртқы істер министрі айта алмай отыр. Өйткені, адамдар өз беттерімен елден кетіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

- Ал қазақстандықтардың негізгі бөлігі Украинадан шығып кетті, - деп мәлімдеді Мұхтар Тілеуберді.

Сонымен қатар, министр елшілікті толықтай көшіру мәселесі қарастырылып жатпағанын айтты.

Киевте қазір Қазақстанның консулы қалды. Ол Украинада жүрген азаматтарды күнделікті қабылдап жатыр. Дипломаттардың көпшілігі Варшаваға көшіріліп, сол жерде жұмыстарын жалғастыруда.

«Киевтегі елшілігіміз толық жабылып жатқан жоқ. Толық эвакуация туралы мәселе тұрған жоқ. Қазірше уақытша біз елшілігімізді Варшаваға қаласына жасап жатырмыз. Дипломаттар мен қызметкерлердің көбісі Молдовадағы елшіліктеріміз қызмет атқаруда», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.