Түркияда қонақүйдің шатыры құлап, бірнеше адам зардап шекті

Түркияда қонақүйдің шатыры құлап, бірнеше адам зардап шекті
сурет:ren.tv

10 адам ауруханаға жеткізілді.

Түркияның солтүстігіндегі Сарыкамыш қаласында қонақүйдің шатыры құлап, 10 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Карс провинциясының губернаторы мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап.

«Зардап шеккен 10 адам ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Карс провинциясының губернаторы зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтты.

Елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа 32 азаматтың жарақат алғанын, оның тоғызы ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеген.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға Бірінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды еске алуға келген тұрғындардың басқосуы кезінде болған.

Ғимаратта еске алу шаралары өтіп, оның аясында қонақүй фойесінде театрландырылған қойылым көрсетілген. Төбенің құлауынан кейін оқиға орнына бригадалар жөнетілген. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу қонақүйде ешкімнің қалмағанын және қонақтардың өміріне еш қауіп төнбейтінін баса айтқан.