Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады
Сурет: 24.kz

Бір доллар 434, 97 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7, 47 теңгеге арзандады. 1 доллар 434, 97 теңге болды. Ұлттық банктің 12 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 442, 61 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 435, 75 теңге, сатып алу – 440, 48 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 435,20 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 438 теңге.