Эпидматрица: «Қызыл» аймақта бір облыс қалды

Эпидматрица: «Қызыл» аймақта бір облыс қалды
Сурет: Gazeta.ru

Қазақстанда эпидахуал тұрақталып келеді.

2021 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

 «Қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан облысы қалды.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.