Түркістан облысында 278 депутат 2 кандидатқа дауыс беруде

Түркістан облысында 278 депутат 2 кандидатқа дауыс беруде
inform.kz

Түркістан облысында 278 депутат Сенат сайлауына қатысып, 2 кандидатқа дауыс беруде, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Парламент Сенатының сайлауы Түркістан қаласындағы Конгресс хол ғимаратында өтіп жатыр. Жалпы, сайлауға қатысқан 278 мәслихат депутаттары өз таңдауларын жасауда. Ал, 39 депутат белгілі себептерге байланысты қатыса алмады.

Сайлау бюллетеніне екі кандидаттың есімі енгізілді. Олардың бірі Жетісай ауданының әкімі болса, екіншісі Ордабасы ауданы әкімдігінің аппарат басшысы қызметін атқарған.

«Бастапқыда алты үміткер өз кандидатурасын ұсынған болатын. Кейін үш үміткер құжаттарын кері қайтарып алды. Ал, тағы бір кандитаттың мүлік салығы жөніндегі декларациясын тексеру кезінде шикілік шыққаны үшін тіркеуден алынып қалды», - деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев.