Азық-түлік бір жылда 25 пайызға қымбаттады

Азық-түлік бір жылда 25 пайызға қымбаттады
Сурет: Business Asset Exchange

Бағаны тежеу үшін кешенді шаралар қажет.

Депутаттар бүгін Әлихан Смайыловқа сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Инфляция былтыр 20 пайыздан асып кетті. Бұл болжамды көрсеткіштен 5 есе көп. Салдарымен емес, себебімен күресу керек. Ал қолданыстағы тәсілдер ескірген. Қабылданып жатқан шаралардан нәтиже жоқ. Көтерме-тарату орталықтары жағдайды реттеуі тиіс еді. Алайда, бастаманың өзі жеміссіз", - деп отыр депутаттар.

«Жүйелі кешенді шаралар әзірлеу керек. Ол үшін алдымен еңбек өнімділігін арттыру қажет. Әсіресе, агроөнеркәсіптік кешенге басымдық беру керек. Екіншіден, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы өнімсіз шығыстарды қысқартқан жөн», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров.