Бақытжан Сағынтаев азаматтарға жеке қабылдау өткізді

Бақытжан Сағынтаев азаматтарға жеке қабылдау өткізді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн форматта өткен жеке қабылдау кезінде қалалықтардың сұрақтарына жауап берді.

«Каменское плато» елді мекенінің тұрғыны Ж.Сырымбетованың өтініші бойынша қала әкімі бөлу желілерін қолданыстағы газ құбырына қосуды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ш. Дәулетқұлова "Шұғыла" шағынауданының Тарғап бұрылысына кәріз люктерін орнатуды сұрады. Бұл бұрылыс инженерлік желілерді салу жобасына енгізілген, мұнда 1,3 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері тартылатын болады. Бақытжан Сағынтаев жұмыстың сапасы мен орындалу мерзімін бақылауға алуды тапсырды.

Д. Миррахимованың өтініші бойынша қала әкімі заңды баға беруді, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайларды тұрғын үйге қайта тіркеу процесін жеделдетуге ықпал етуді тапсырды.

Түрксіб ауданының тұрғыны Б. Жүнісова егде жастағы әйелдердің дәстүрлі ән хорын ұйымдастыруға көмектесуді сұрады. Мегаполис әкімі аталған өтінішке қолдау білдірді. Бақытжан Сағынтаев қалада зейнеткерлік жастағы адамдарға, оның ішінде «Белсенді ұзақ өмір сүру» сияқты жобалар аясында көмек көрсетілетінін атап өтті.

С. Сатыбалдинаның аз қамтылған отбасылардағы босанатын әйелдерді қолдау, сондай-ақ А. Битнеровтың заманауи өрт сөндіру құралдарын енгізу жөніндегі ұсыныстары жан-жақты зерделенетін болады.