Рыбакина ширек финалға шықты

Рыбакина ширек финалға шықты
Сурет: Olympic.kz

Ертең Елена Рыбакина испаниялық Гарибиен Мугурусаға қарсы матч өткізеді. 

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Рыбакина үшінші айналымда хорватиялық Донна Векичпен кездесті. Векич өз кезегінде әлем үздіктерінің бірі Алина Соболенконы ұтқан болатын. 

Елена мен Донна арасындағы кездесу 1 сағат 41 минутқа созылып, Рыбакина 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.