Тоқаев Албанияның президентін шығарып салды

Тоқаев Албанияның президентін шығарып салды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Байрам Бегай Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келген еді.

Мемлекет басшысы Албания Президенті Байрам Бегайды әуежайдан шығарып салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келген болатын.

Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасты.