ТМД-ның үш елі өз азаматтарының жеке деректерімен алмасады

Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей азаматтарының соттылығы, үй-күйі туралы ақпаратты бір-біріне беретін болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz inbusiness.kz сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, тиісті заңға қол қойғаннан кейін осындай мүмкіндікке жол ашылды. 3 ел арасындағы бұл келісім аясында, азаматтық, тіркелген жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, соттылықтың болу-болмауы сияқты ақпараттар алмасу көзделіп отыр. 

Құжат тараптардың бәрі қол қойған соң, 30 күннен кейін күшіне енуі тиіс. Бұл құжатты Қазақстан мен Ресей тарапы ертерек заңдастырып қойған. Тек Қырғызстан билігі ішкі заңнамаларын реттеймін деп жүріп, ең соңынан қол қойды.