Тәркіленген тәттілер

Тәркіленген тәттілер
Сурет: интернеттен

Жасанды өнімдер "Kit Kat" және "Nesquik" сияқты танымал брендтермен таңбаланған.

Шымкентте танымал брендтің атын жамылған қолдан жасалған тәттілер тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Жалған өнім Шымкентте "Б" ЖШС компаниясы арқылы көтерме сату арқылы таратылыпты. "Nestle S. A." компаниясының өтінішімен тексеру жүргізілген.

"Қазіргі уақытта іс материалдары Шымкент қаласы әділет департаментінің өндірісінде және тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапты адамды жазаға тарту туралы шешім қабылданып жатыр", - делінген Әділет министрлігінің ресми хабарламасында.

Құқық иесіне келтірілген залалдың сомасына байланысты тексеру материалдары сотқа тапсырылады немесе кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экономикалық тергеу қызметіне беріледі.