Шайбалы хоккей: Қазақстан қыздары Оңтүстік Кореядан жеңілді

Шайбалы хоккей: Қазақстан қыздары Оңтүстік Кореядан жеңілді
сурет: qazaqsporty.kz

Қазақстан әлем чемпионатында Оңтүстік Кореядан шайбалы хоккейден ұтылып қалды.  

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Кездесу барысында құрамалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы екі кезеңде олар бір-бірден шайба соқты. Алдымен корейлік хоккейші Су Чжин Хан 4-минутта есеп ашса, оған қазақстандық Лариса Свиридова 9-минутта бір шайбамен жауап қайырды.

Ойынның 57-минутында Хи Вон Ким жеңіс шайбасын соғып кетті.

Осылайша, қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.