Серік Теміржанов бокстан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Серік Теміржанов бокстан Азия чемпионатын  жеңіспен бастады
Сурет: Inform.kz

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстаннан Серік Теміржанов алғашқы болып рингке шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 57 келіге дейін салмақта түркменстандық Ихлаз Гылычжановпен жұдырықтасты.

Үш раунд бойы жекпе-жек С.Теміржановтың басымдылығымен өтіп, төрешілер бір ауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Серік өткен жылы Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді. Ол – сондай-ақ жастар арасында Азия чемпионы.

Бүгін сондай-ақ күндізгі сессияда 63,5 келіге дейінгі салмақта Санатәлі Төлтаев өзбекстандық Руслан Абдуллаевпен кездеседі.

Кешкі сессияда Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта үндістандық Спарш Кумармен шеберлік байқасады.