Ташкен шашлығы

Ташкен шашлығы
Сурет: ашық дереккөз

Әдетте көктем шыға, табиғат аясына шығушылар саны артады. Табиғат аясында отырып, Ташкен шашлығын жасап жегенге не жетсін! Ендеше, қаперіңізде жүрсін.

4-5 адамға
- Сиыр еті-1 кг
- Қойдың құйрық майы-250-300 г
- Пияз-200 г
- Зира-10 г
- Кориандр — 15 г
- Жүзім сірке суы-20 мл
- Жүгері ұны-40-50 г
- Тұз-20 г
- Ұнтақталған қызыл бұрыш - 5 г
Дайындау тәсілі
1. Етті 20-25 г кішкене бөліктерге бөліңіз.
2. Кориандр, зира және қара бұрышты тұзбен араластырамыз.
3. Пиязды майдалап турап, дәмдеуіштермен араластырамыз.
4. Етке пияз пиязды қосып, мұқият араластырыңыз, сірке суын қосып салқын жерге 2-3 сағат қоямыз.
5. Құйрық майды жұқалап кесеміз.
6. Дайын болған етке бір май, бір еттен салып, дәмдеуіштер қосып, ұн себіңіз.
7. Орташа ыстықта 6-8 минут пісіреміз.
Ташкен шашлығы кез-келген көкөніс салатымен бірге беріледі.
Жүгері ұны шашлыққа ерекше дәм береді. Егер жүгері ұны жоқ болса, оны бидай ұнымен алмастыруға болады, бірақ дәмі сәл өзгеше болады.
Хаким Ганиев. Өзбек тағамдарының энциклопедиясы