Сауд Арабиясының ханзадасы Аргентинаны жеңген футболшыларға қымбат көлік сыйлады

Сауд Арабиясының ханзадасы Аргентинаны жеңген футболшыларға қымбат көлік сыйлады
Сурет: Ашық дереккөз

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің ашылу матчында Аргентина құрамасын жеңген ұлттық футбол командасына Rolls Royce Phantom автокөлігін сыйға тартты, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Индонезия Posts басылымының мәліметінше, бір көліктің құны 460-550 мың долларға дейін баратыны атап өтілген.

22 қарашада Сауд Арабиясы Аргентинаны 2:1 есебімен жеңді. Команда үшін бұл жеңіс әлем чемпионаттарындағы төртінші жеңіс.