Сан-Паулуда кофе фестивалі өтті

Сан-Паулуда кофе фестивалі өтті
Сурет: ашық дереккөз

Шарада хош иісті ерекше сусындардың түр-түрі көрсетілді. Дүйім жұрт кофені дайындайтын ерекше әдістермен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Фестивальдің мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын кофе мәдениетімен таныстыру, - дейді ұйымдастырушылар. Жиынға 100-ден астам өндіруші компания қатысқандеп жазды  24.kz. Шара 3 күнге жалғасады деп күтіліп отыр. Бразилия әлемдегі ең ірі кофе өндіруші әрі экспорттаушы ел болып есептелетінін еске сала кетейік.