Бүгін Алматыда жайсыз метеожағдай қалыптасады

Бүгін Алматыда жайсыз метеожағдай қалыптасады
Сурет: ашық дереккөз

 Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«27 маусымда Алматы қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.