Роналду келесі әлем чемпионатына қатысқысы келеді

Роналду келесі әлем чемпионатына қатысқысы келеді
Сурет: Ашық дереккөз

37 жастағы футболшы 2026 жылы өтетін дүниежүзілік додаға баруға ниетті

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду келесі әлем чемпионатына қатысқысы келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Marca мәліметіне қарағанда, 37 жастағы футболшы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін дүниежүзілік додаға баруға ниетті.

Роналду Рождество мерекесін Дубайда өткізіп, демалмақшы.

Катарда өткен әлем чемпионатында Португалия құрамасы сәтсіз өнер көрсеткені белгілі. Криштиану, әсіресе, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасының чемпион атанғанына қапалы. Сол үшін ендігі мақсаты - алдағы чемпионатқа қатысу.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мессидің кубокпен түскен фотосы желіде рекордтық лайк жинағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Аргентинадағы футбол мерекесі кезінде жанкүйер көз жұмды.