Әуезов ауданында халықты сапалы сумен қамтамасыз етуде қандай жұмыстар атқарылмақ?

Әуезов ауданында халықты сапалы сумен қамтамасыз етуде қандай жұмыстар атқарылмақ?
Сурет: Almatysu.kz

Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі қала әкімдігі үшін басым мәселе болып қала береді. 

Бұл туралы Алматы әкімі Ербола Досаевтың Әуезов ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгінгі таңда менің тапсырмам бойынша "Достық", "Мамыр-4" шағынаудандарында, «Саин-Шаляпин-Жандосов – Қарғалы өзені» көшелерінің орамында, сондай-ақ «Арычная, Ықылас, Западная» көшелерінде ұзындығы 61,8 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуға және жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

2023 жылдың I тоқсанында мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ала отырып, жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді аяқтау жоспарлануда. 2023 жылдың II тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Аталған жобаларды іске асыру 2000-нан астам абонентті сапалы сумен және канализациямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.