Шаһарда Қала күнін тойлау әлі жалғасуда 

Шаһарда Қала күнін тойлау әлі жалғасуда 

“Астана” алаңында “Zhuldyzdy Almaty” концерті өтті

"ZHULDYZDY ALMATY" - әншілердің “жұлдыз” ретінде танылу жолы осы тамаша Алматы мегаполисімен байланысты орындаушылардың фестивалі.  

Мерекелік концерт бағдарламасында әр кезеңдегі әндер мен әншілер өнер көрсетті. Сахна майталмандары мен әртүрлі байқаулардан жүлде иеленген жас орындаушылар да тыс қалмаған. Кеш бағдарламасында көрермен күтпеген дуэттер мен ескі әндердің жаңа нұсқасы қуантты. Әндер жанды дауыста шырқалды.
2RAR, Ninety one, Қанай, Ғазизхан, Мөлдір Әуелбекова, AYREЕ, КЕШ YOU, ALISHA, Беркут & Аиша, Аружан Данышпан, Шокан/ All davai, Абай Бегей, Арай Наби, Нұрсұлтан Нұрбердиев, т.б әншілер алматылық көрермендер үшін өнер көрсетті. 

“Қала күні керемет өтті. Сенбіден бері Қала күніне ұйымдастырылған мерекелік шараларды көріп, балаларым мен немерлеріммен жақсы уақыт өткіздік. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған”,- дейді қала тұрғыны Саида.  

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қалада, аудандарда  бірнеше мерекелік концерттер мен түрлі іс-шаралар өтуде.