Республикалық маңызы бар жолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Республикалық маңызы бар жолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
almaty-akshamy.kz
Қазақстанның 12 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ нақтылағандай, 14 ақпан сағат 9:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

  • Абай облысында - 1 учаске (42 шақырым)
  • Ақмола облысында - 14 учаске (1226 шақырым)
  • Ақтөбе облысында – 4 учаске (662 шақырым)
  • Шығыс Қазақстан облысында – 3 учаске (211 шақырым)
  • Жамбыл облысында - 1 учаске (450 шақырым)
  • Жетісу облысында - 1 учаске (100 шақырым)
  • Қарағанды облысында - 3 учаске (288 шақырым)
  • Қостанай облысында - 2 учаске (52 шақырым)
  • Қызылорда облысында - 3 учаске (815 шақырым)
  • Павлодар облысында - 1 учаске (54 шақырым)
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2 учаске (98 шақырым)
  • Түркістан облысында - 2 учаске (283 шақырым)