ЕҚЫҰ жанындағы британ Елшісі Қазақстандағы қаңтар оқиғалары ашық тергелетініне сенім білдірді

ЕҚЫҰ жанындағы британ Елшісі Қазақстандағы қаңтар оқиғалары ашық тергелетініне сенім білдірді
Inform.kz

ЕҚЫҰ жанындағы Ұлыбритания мисссиясы 2022 жылдың 20 қаңтарында Венада Қазақстандағы ахуал талқыланған ұйымның Тұрақты кеңесі отырысындағы мәлімдемесін жария етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жақын дос ретінде біз соңғы аптада Қазақстан халқы тап болған қайғылы оқиғаларға алаңдаушылық танытамыз. Зорлық-зомбылық салдарынан адамдардың қаза табуына терең күйзелеміз және қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Зорлық-зомбылық және мүліктерді қирату актілерін айыптаймыз және Алматы және басқа қалалардың тыныс-тіршілігі қалыпты арнаған түсе бастағанына қуаныштымыз», - деді ЕҚЫҰ жанындағы Ұлыбританияның тұрақты өкілі, Елшісі Нил Буш.

Британ делегациясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінің жария сөз сөйлеулерінде бейбіт шерушілер мен Алматыда және өзге де бірқатар қалада бейбіт наразылықты басып алған «ұйымдасқан қылмыстық элементтер» арасындағы нақты айырмашылықты атап өткенін қолдады.

Дипломат соңғы топтың «конституциялық билікті құлату мақсаты болғандығы айқын» екендігін атап өте келе, бұл мәселе «тыңғылықты тергеу жүргізуді талап ететіндігін» баса айтты.

«Қазақстан Президентінің осынау теңдессіз оқиғаның шығуына не түрткі болғанын анықтау үшін тергеу комиссиясын құру шешімін қолдаймыз. Қазақстан билігінің бұл тергеулердің тиімді әрі ашық және Қазақстан халқының сеніміне ие болуына бейіл танытуына қолдау білдіреміз», - деді британ Елшісі.