Мәскеуліктер демалыс күндері мейрамханаға барудың жолын тапты

Мәскеуліктер демалыс күндері мейрамханаға барудың жолын тапты
Сурет: Ria.ru

Ресей астанасында 28 қазаннан бастап локдаун жарияланды, Мәскеудің төңірегінде аймақтар 23 қазаннан бері карантинге жабылған болатын.

Мәскеу тұрғындары демалыс күндері мейрамханаларға бару үшін қонақүйлерге орналаса бастаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

«Ведомости» басылымының жазуынша, Мәскеу тұрғындары жұмыс емес күндері мейрамханалардың қызметтерін пайдалану үшін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына қатаң шектеулер қойылмаған қонақүйлерге белсенді түрде орналаса бастаған.

Assor қонақ үйлер желісінің баспасөз қызметі бес жұлдызды Movenpick Moscow Taganskaya қонақүйі қонақтарының үштен біріне жуығы астаналық тұрғындары екенін айтты. Қонақ үйде тұру кезінде олар Shagal мейрамханасының қызметтерін пайдалана алады, сондай-ақ таңғы асты өз бөлмесіне алдыртуына болады. Қонақтардан QR кодтары немесе ПТР сынағы талап етілмейді екен. Ассордың өкілі қонақ үйге мәскеуліктердің орналасуын карантиндік шектеулер енгізілумен байланысты деп түсіндірді: өйткені бұрын қонақүйдің негізгі аудиториясы кәсіпкерлер мен басқа өңірлерден келген қонақтар болған.

Сонымен қатар Мәскеу тұрғындары жұмыс істемейтін күндері маникюр шеберлерін де көп іздейтін болыпты.