Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына естелікке домбыра сыйлады

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына естелікке домбыра сыйлады
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Понтифик кездесуде айтқан тұщымды ойларын домбыраның сан түрлі қасиетімен сабақтастыра отырып баяндаған еді.

«Осы сапарға дайындалған кезімде бұл жердегілер орта ғасырларда домбыраның бірнеше түрімен дастан айтып, сол арқылы өткен мен бүгінді байланыстырғанын білдім. Алуандық сабақтастығының символы тұтас елдің жадында осылай ырғақ болып сақталған. Домбыра бүгін де экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің жылдам ауысып жатқанына қарамастан алдыңғы лектегі буынның өмірін ұмытттырмай келеді», - деген болатын мәртебелі Франциск.