Өткен тәулікте 51 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 51 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөзі

5 пациенттің жағдайы өте ауыр

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 51 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

20 қазандағы мәлімет бойынша, 971 адам коронавирус инфекциясынан (–827+ және 144 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 107 пациент стационарда, ал 864 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқасқа ӨЖЖ аппараты қосылған.