Қазақстанның бірінші ракеткасы Аустралияның екі дүркін чемпионын жеңді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Аустралияның екі дүркін чемпионын жеңді
inform.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір әлемнің 15-ракеткасы, Аустралия ашық чемпионатының екі дүркін чемпионы, осы жарыстың өткен жылғы финалисі, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен шеберлік сынасты.

Қарсыластар бұған дейін кездеспеген еді. Е.Рыбакина сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте В.Азаренко медициналық көмекке де жүгінді.

Қазақстандық теннисші 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Беларусь спортшысы 3 эйспен шектелді.

Е.Рыбакина жүлде қоры 8,4 млн АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 51-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен таласады. Ол осы жарыстың екінші айналымында тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваны ұтып кеткен еді.