Онлайн санаққа қазақстандықтардың 42,5%-ы қатысқан

Онлайн санаққа қазақстандықтардың 42,5%-ы қатысқан
Сурет: Tengrinews.kz

Ал жаппай аралап шығу арқылы санақ 57,5% адамды қамтыған.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ұлттық халық санағының аяқталуы туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өз сөзінің басында Нұрболат Айдапкелов халық санағын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін арнайы комиссия мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлер әкімдіктерінің жұмысын атап өтті. 

«Санақ ел тұрғындарының барлық санаттарын қамтыды. Онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-ы өтті, ал жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылды», — деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Бюро алынған деректерді өңдеуге кірісті және алдын ала деректерді ағымдағы жылдың желтоқсан айында ұсынуды жоспарлап отыр. Іс-шаралар жоспарына сәйкес санақтың қысқаша қорытындысы 2022 жылдың ортасына жоспарланған және 2023 жылдың 1-тоқсанында санақтың толық қорытындысын жариялау жоспарланған.