Naiza FC лигасының президенті UFC басшысымен кездесті

Naiza FC лигасының президенті UFC басшысымен кездесті
Cурет: Instagram /nurbekkarabala

Naiza мен UFC ынтымақтастық орната ма?

Қазақстандық Naiza Fighting Championships лигасының президенті Нұрбек Қарабала Әбу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 267 турниріне қатысып, UFC президенті Дейн Уайтпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, жекпе-жек кешінен бөлек, бұл сапардың мақсатының бірі Нұрбек пен UFC президенті Дейн Уайттың іскерлік кездесуі болмақ, онда жекпе-жектерді лигалар арасында алмастыру мәселесі талқыланады.