Оқушылар күзгі демалысқа қашан шығады?

Оқушылар күзгі демалысқа қашан шығады?
Сурет: Мultiurok.ru

Қазір барлық мектепте жиынтық бағалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылардың күзгі демалысы қашан басталып, қанша уақытқа созылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Күзгі демалыс 1-7 қараша аралығында болады.

«Оқушылардың күзгі демалысы  да жақындап қалды. Қазір барлық мектепте жиынтық бағалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Келесі аптада барлық негізгі пәндер бойынша тоқсандық жиынтық баға қойылады. Содан кейін оқушылар демалысқа шығады.  Күзгі демалыс 1–7 қараша аралығында болады», – деді БҒМ вице-министрі.