«Медеу» табиғи саябағының басшылары пара алғаны үшін ұсталды

«Медеу» табиғи саябағының басшылары пара алғаны үшін ұсталды
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Медеу» табиғи саябағының басшыларын кәсіпкерлік субъектісінен пара алғаны үшін ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

«Кәсіпкерлік субъектісінен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін пара алу фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер жарияланбайды.