G20 елдері саммитінде корпорацияларға бірыңғай салық енгізу жайы келісілді

G20 елдері саммитінде корпорацияларға бірыңғай салық енгізу жайы келісілді
Cурет: dw.com 

G20 елдерінің үкімет басшылары мен көшбасшылары салық салымы бойынша ортақ ережелерді бекітті

Римдегі саммитке қатысушылар, атап айтқанда, жаһандық корпорациялар табысына салынатын салықты кем дегенде 15 пайыз етуді көздейтін жобаны қолдады. Вашингтон бұл салық жеңілдіктері бойынша бастамаларды доғарудың басы болады деп санайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Саммит өз қатысушыларын әлемнің кедей елдерін қосымша вакцинамен қамтамасыз етуге шақырумен басталды.

«Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алға қойғандай, 2021 жылдың соңына қарай әлем халқының 40% вакциналау мақсатын игеруге жақындап қалдық. Біз қазір 2022 жылдың ортасына қарай 70%-ға жету үшін бар күшімізді салуымыз керек», - деді Италия премьер-министрі Марио Драги.

Қытай Халық Республикасы мен Ресей президенттері Си Цзиньпин мен Владимир Путин бейнебайланыс арқылы әлем қауымдастығын COVID-19-ға қарсы әртүрлі вакциналарды өзара жарамдылығын мойындау туралы келісімге келуге шақырды.

Путиннің мәлімдемесі "Sputnik V" вакцинасын ДДҰ мен Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінде тіркеу мәселесі ұзаққа созылып жатқан кезде жасалды.
Ақпарат агенттіктері климат бойынша келіссөздер әлдеқайда қиын болғанын атап өтті. Қорытынды құжатта, алдын ала мәліметтер бойынша, Жердегі орташа жылдық температураның 1,5 градустан астам артуына жол бермеу бойынша жалпы ұсыныстар болады. Көміртегі бейтараптығы бойынша нақты міндеттемелер мен мерзімдерді келісу кезінде қиындықтар туындады.