Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі
Сурет: Stan.kz

Маусымнан бастап қазақстандықтар жоғарылатылған зейнетақы мен жәрдемақы ала бастайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ведомствосының мәліметінше, 2022 жылдың 12 мамырында қабылданған «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы шеңберінде 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап инфляцияның 2022 жылға арналған дәлізін қайта қарауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін ынтымақты зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4 пайызға индекстелді, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 4 пайызға артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Заңға сәйкес 1 сәуірден бастап:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 180 теңге мөлшерінде;
Ең төменгі зейнетақы - 48 032 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 37 389 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге.

Маусым айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы алушылар  сәуір және мамыр айларының қосымша ақысын ескере отырып, төлемдерді жоғары мөлшерде алатын болады.