Биыл алты мыңға жуық адам қандас мәртебесін алды

Биыл алты мыңға жуық адам қандас мәртебесін алды Сурет: Qandastar.kz

Елге оралғандардың жартысынан көбі Өзбекстаннан келген.


Үстіміздегі жылдың басынан бері Қазақстанға оралған қандастардың саны артып, алты мыңға жуық адам қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, 5 679 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 93,5 мың этникалық қазақ оралды», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,7%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 8,8% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден қоныс аударған.


Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1%), Маңғыстау (18,8%), Түркістан (10,3%) және Жамбыл (6,2%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6%), Нұр-Сұлтан (6,9%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанды.


Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 22,8% және зейнеткерлер саны 14%.


Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4%-ы жоғары білімді, 40,3%-ы орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ның білімі жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14